«FaceTime арқылы сөйлестім»: ван’т Шкип Сатпаевпен болған әңгімесі туралы айтып берді
Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван’т Шкип ұлттық команданың негізгі таланттарының бірі Дастан Сатпаевпен сөйлесіп үлгергенін айтты, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы әңгіме барысына тоқталмай, оның қысқа болғанын ғана айтты. Алайда «Бернли» шабуылшысы нидерландтық маманның осы уақытқа дейін танысып үлгерген жалғыз ойыншысы емес:
«Мен бірнеше шағын кездесу өткіздім, тіпті кездесу де емес — ойыннан кейін немесе әуежайда бірнеше ойыншымен қол алыстым. Сондай-ақ Англиядан Сатпаевпен FaceTime арқылы бір рет сөйлестім, жай ғана қысқаша сөйлестік, мүмкін, екі минуттай.
Сондықтан ерекше ештеңе болған жоқ. Жиын барысында әр ойыншымен сөйлесуге тырысамын, бір-бірімізбен танысу үшін. Әрине, уақытымыз көп емес, 17 күннің ішінде атқаратын жұмысымыз өте көп», — деді ван’т Шкип ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
БАҚ мәліметінше, нидерландтық маман Қазақстан құрамасының басындағы алғашқы оқу-жаттығу жиынын 18 қыркүйекте бастайды. Сегіз күннен кейін ол УЕФА Ұлттар лигасы аясында Фарер аралдары құрамасына қарсы алғашқы матчын өткізеді.