locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Джамал Мусиала матч кезінде тағы да есінен танып қалды: не болды?

«Бавария» жартылай қорғаушысы алаңға шыққаннан кейін сегіз минуттан соң өзін жайсыз сезінді
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: Getty images
Клубтар арасындағы жолдастық кездесу
18.08.2026, Аяқт.
Хайденхайм
2
Бавария
4

«Бавария» жартылай қорғаушысы Джамал Мусиала жолдастық кездесу кезінде тағы да есінен танып қалды. Бұл жолы 23 жастағы футболшы «Хайденхаймға» қарсы ойында өзін жайсыз сезінді. Мюнхендік клуб бұл кездесуде 2:4 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Мусиала ойынды қосалқы құрамда бастап, 61-минутта алаңға шықты. Алайда ол небәрі сегіз минут ойнады. 69-минутта неміс футболшысының жағдайы күрт нашарлап, есінен танып қалды.

Медициналық қызметкерлер бірден алаңға жүгіріп шықты. Осы сәтте «Бавария» ойыншылары Мусиаланы қоршап, болған жағдайды камералардан көлегейледі. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін жартылай қорғаушы дәрігерлермен бірге алаңнан кетіп, киім ауыстыратын бөлмеге бет алды.

Бұл – соңғы бірнеше күн ішінде Мусиаланың басынан өткен екінші осындай жағдай. Бұған дейін ол «РБ Лейпцигке» қарсы жолдастық кездесудің аяқталуына аз уақыт қалғанда есінен танып қалған еді. Ол ойында «Бавария» 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Сол кездесуде Мусиала негізгі құрамда алаңға шығып, 81-минутта гол соқты. Арада екі минут өткенде футболшы кенеттен көгалға құлады. Дәрігерлердің көмегінен кейін ол есін жиып, алаңнан өздігінен шығып кетті.

«Баварияның» келесі ресми кездесуі 22 тамызға жоспарланған. Мюнхендік клуб Германия Суперкубогы үшін Дортмундтың «Боруссиясымен» кездеседі.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie