ФОТО: Самородов пен Зайнутдинов РПЛ матчынан кейін кездесті
Қазақстандық футболшылардың кездесуі Ресей кубогі аясындағы «Динамо» мен «Ахмат» арасындағы матчтан (3:0) кейін өтті, деп хабарлайды Sports24.kz.
Мәскеулік «Динамоның» жартылай қорғаушысы Бақтияр Зайнутдинов стадионның трибуна астындағы бөлмесінде «Ахмат» ойыншылары Ғалымжан Кенжебек пен Максим Самородовпен кездесті. Ұлттық құрамадағы серіктестер ойыннан кейін бірге суретке түсті. Фотосуретті Самородов өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Кенжебек «Динамоға» қарсы матчты негізгі құрамда бастады, ескерту алып, үзіліс кезінде ауыстырылды. Ал Самородов алаңда 90 минут толық өткізгенімен, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.
Зайнутдинов ауыр жарақатына байланысты былтырдан бері алаңға шыққан жоқ. Қазан айында ол дәл «Ахматқа» қарсы матчта ауыр жарақат алып, соның салдарынан маусымның соңына дейін қатардан шыққан еді.
2025/26 жылғы маусымда Қазақстан құрамасының ойыншысы мәскеулік клуб сапында он матчқа қатысқанымен, нәтижелі әрекетімен көзге түспеді.
Бұған дейін қазақстандық жартылай қорғаушының қашан сапқа оралатыны белгілі болған еді.
Айта кетейік, РПЛ-дің алты турынан кейін Зайнутдинов өнер көрсететін «Динамо» турнир кестесінде алтыншы орында тұр (10 ұпай). Ал «Ахмат» оныншы сатыда (6 ұпай).