locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Дастан Сәтпаев Еуропа назарында: «Қайрат» шабуылшысы әлемнің ең дарынды жас ойыншыларының қатарына енді

Қазақстандық Дастан Сатпаев әлемнің ең үздік жас футболшылары қатарына енді
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Дастан Сәтпаев Еуропа назарында: «Қайрат» шабуылшысы әлемнің ең дарынды жас ойыншыларының қатарына енді
ФОТО: Кайрат ФК

Британдық беделді The Guardian басылымы 2008 жылы туған ең үздік 60 жас футболшының тізімін жариялады. Бұл тізімге Қазақстан құрамасы мен алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтпаев та кірді.

Осылайша, 17 жастағы талант әлем сарапшыларының назарына іліккен Орталық Азиядағы санаулы футболшылардың бірі болды.

Дастан Сәтпаев 2008 жылдың 12 тамызында дүниеге келген. 2025 жылдың ақпанында ол ағылшынның әйгілі «Челси» клубымен келісімшартқа қол қойды. Алайда жас шектеуіне байланысты ол 18 жасқа толғанға дейін «Қайрат» сапында өнер көрсетеді.

Биылғы маусым Дастан үшін ерекше өтуде. Ол барлық турнирлерде 35 матч өткізіп, 16 гол соқты және 7 нәтижелі пас берді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie