«Челси» Сатпаевті басты трансфердерінің тізіміне қосты
«Челси» трансферлік терезенің жабылуына орай осы жазда клуб қатарына қосылған басты ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Лондондық клуб жазғы трансферлерге арналған коллажды дайындау кезінде қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаевты да ұмыт қалдырмады.
Жарияланымда Дастанмен бірге Валентин Барко, Жеовани Кенда, Сэмю Омородион, Джордан Хендерсон, Максанс Лакруа, сенегалдық Ламин Камара, Морган Роджерс және Аарон Ансельмино да «көгілдірлердің» ойыншылары ретінде таныстырылған.
Еске салайық, Сатпаев осы жазда «Челси» ойыншысы атанды. Оның келісімшарты футболшы 18 жасқа толғаннан кейін, тамыз айында ресми түрде күшіне енді. Алайда Дастан артынша бірден «Бернлиге» жалға берілді.
Чемпионшипте өнер көрсететін клубта Сатпаев осы маусымның соңына дейін ойнайды. 18 жастағы шабуылшы Чемпионшипте екі матч және Лига кубогында бір ойын өткізіп үлгерді. Осылайша ол біртіндеп «бордолылардың» негізгі құрамына орнығып келеді. «Норвич Ситиге» қарсы өткен соңғы кездесуде шабуылшы 90 минуттың барлығын алаңда өткізіп, команда ойыншылары арасында ең жоғары бағаға ие болды.
Бұған дейін Сатпаевтың маңызды көрсеткіш бойынша «Бернлидің» үздік ойыншысы атанғанын хабарлаған едік.