«Челси» Сатпаевке «Бёрнли» сапында ойнауға мүмкіндік бермеді. Клуб тағы кімдердің алаңға шығуына тыйым салған?
Лондондық «Челси» бұған дейін де басқа клубтарға өз футболшыларын жалға алып ойнаған кезде пайдалануға рұқсат бермеген. Осындай жағдай Дастан Сатпаевпен де болды: оған «Бернли» сапында «Чарльтон Атлетикке» қарсы ойнауға рұқсат етілмеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Өз командаңа қарсы ойнама
Белгілі жағдайлардың бірі Конор Галлахерге қатысты. 2022 жылдың сәуірінде «Кристал Пэлас» сапында жалға ойнаған жартылай қорғаушы Англия кубогының жартылай финалында «Челсиге» қарсы матчқа қатыса алмады. Лондондық клуб оның алаңға шығуына рұқсат бермеді. Кейін сол кездегі «көкшілдердің» бас бапкері Томас Тухель қалыптасқан жағдай үшін футболшыдан кешірім сұрады.
Тағы бір жағдай 2025 жылдың желтоқсанында болды. БАҚ мәліметінше, «Челси» «Кардифф Ситиге» жалға алған Омари Келлиманды Лондон клубына қарсы Лига кубогі матчында пайдалануға рұқсат бермеген.
Ал Сатпаевқа не себепті ойнауға рұқсат берілмеді?
Алайда Дастан Сатпаевқа қатысты жағдай бұл мысалдардан өзгеше. «Аристократтардың» бұрынғы ойыншысы Энцоға қатысты оқиға да осындай еді. «Бернлидің» бас бапкері Никки Хайен «Челсидің» қазақстандық шабуылшыға «Чарльтон Атлетикке» қарсы матчта ойнауға не себепті рұқсат бермегенін түсіндірді.
«Біз оны «Челсидің» шешіміне байланысты алаңға шығара алмадық. Олар оның ойнауына рұқсат бермеді, себебі футболшының ауыр жарақаты болған. Олар біздің медициналық командамызбен бірге оның жүктемесін бақылауда ұстап отыр, бірақ бүгін оның ойнай алмайтынын бізге хабарлады», - деді Хайен.
Сондай-ақ 2024 жылы «Челси» жартылай қорғаушы Энцо Фернандеске Олимпиадаға қатысуға тыйым салды. Бұл туралы TyC Sports басылымы хабарлаған.
23 жастағы футболшы Аргентина құрамасының Ойындарға дайындық үшін жасақталған тізіміне енбеді. Клуб Энцоның қалауы мен бұл мәселені басшылықпен талқылауға жасаған талпыныстарына қарамастан, оның турнирге баруына рұқсат бермеді.