locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Челси» қателеспепті. Еуропа Дастан Сәпаевтың талантын мойындауда

Skiller скауттары Дастан Сәтпаевтың талантын жоғары бағалады
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Челси» қателеспепті. Еуропа Дастан Сәпаевтың талантын мойындауда
ФОТО: Қайрат ФК

Англия жанкүйерлері мен сарапшылары 17 жастағы «Қайрат» форварды Дастан Сәтпаевтың өрлеуіне таңданысын жалғастыруда. Бұл жолы жас футболшыға көз тіккен - Британиядағы танымал скауттық жоба Skiller, ол Дастанның ойынын жеке талдаумен атап өтті.

Аналитикалық жазбада британдық мамандар Сәтпаевтың - «Челсидің» заманауи селекциясының айқын жемісі екенін атап өтті. Клуб талантты уақытында байқап, дұрыс бағытта дамытты және бүгінде Дастан неге дәл осы деңгейге лайық екенін дәлелдеп жүр.

Skiller сарапшылары Сәтпаевтың ойын стиліне ерекше тоқталды: жас шабуылшы әркез агрессивті ойнайды, кеңістік тауып, шабуылдың шешуші фазасында дұрыс шешім қабылдайды. Дәл осы қасиеттер оған «Копенгаген» қақпасына тарихи гол соғуға мүмкіндік берді - әрі оны ЧЛ-да гол соққан ең жас футболшылардың қатарына қосты.

Еске сала кетейік, Дастан Сәтпаев «Челсимен» келісімшартқа қол қойған. Ол 2026 жылдың тамызына дейін «Қайрат» сапында ойнай береді. «Копенгагенге» қарсы ойында (2:3) Дастан тек алғашқы голын ғана соққан жоқ, сонымен қатар ЧЛ-ның топтық кезеңінде гол соққан алғашқы қазақстандық атанды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie