locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бәрі өзгеруі мүмкін»: Торрес ПСЖ-ға ауысу мүмкіндігі туралы пікір білдірді

Өткен маусымда Ферран Торрес барлық турнирлерде 49 матчқа қатысып, 21 гол және үш нәтижелі паспен көзге түсті
ФОТО: Getty Images

«Барселона» шабуылшысы Ферран Торрес ПСЖ-ға ауысу мүмкіндігі туралы ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Испан футболшысының сөзін инсайдер Фабрицио Романо CNN-ге берген сұхбатына сілтеме жасап жеткізді.

«Футболда бәрі бір минутта өзгеруі мүмкін. Не болатынын ешқашан білмейсің. Мен барлығына дайын болуым керек», - деді Торрес.

Бұған дейін БАҚ-та ПСЖ 25 жастағы испан шабуылшысына қызығушылық танытып отырғаны хабарланған еді. Алайда футболшының өзі клуб ауыстыру мүмкіндігін растамады да, жоққа да шығарған жоқ.

Өткен маусымда Ферран Торрес барлық турнирлерде 49 матчқа қатысып, 21 гол және үш нәтижелі паспен көзге түсті.

Торрес 26 жаста, ол 2022 жылдан бері «Барселона» сапында ойнайды. Команда құрамында үш рет Испания чемпионы және Суперкубогының иегері атанып, бір рет ел кубогын жеңіп алды. Бұған дейін ол Испанияның «Валенсиясы» мен Англияның «Манчестер Сити» клубтарында ойнаған. Соңғы командамен бірге Англия чемпионы және Лига кубогының жеңімпазы атанды, ал «Валенсиямен» Испания кубогын иеленген. Ел құрамасында ол 2024 жылғы Еуропа чемпионы, 2023 жылғы Ұлттар лигасының жеңімпазы және 2026 жылғы әлем чемпионы атанды.

Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie