100 миллион – аз ба? «Ливерпуль» Франция құрамасының шабуылшысын қуады
Ағылшын клубы Баркола үшін алғашқы ұсыныс ретінде 100 миллион еуродан жоғары сома атады, бірақ бұл сома әзірге париждіктердің талабынан әлдеқайда төмен
ФОТО: Getty Images
Футбол әлеміндегі беделді инсайдер Фабрицио Романо «Ливерпуль» мен «Пари Сен-Жермен» ресми түрде Франция құрамасының шабуылшысы Брэдли Барколаны трансферлеу бойынша келіссөздерді бастағанын хабарлады, деп жазады Sports24.kz.
Журналистің мәліметінше, ағылшын клубы алғашқы ұсынысты 100 миллион еуродан жоғары сомамен білдірген, алайда бұл сома әзірге париждік клубтың талабынан әлдеқайда төмен.
Айта кету керек, Барколаның өзі де «Ливерпульге» ауысуға мүдделі. Бұрын Романо ойыншының бұл ниетін мамыр айынан бастап хабарлаған болатын.
Өткен маусымда ПСЖ-ның вингері барлық турнирде 49 матчқа қатысып, 13 гол мен 7 нәтижелі пас берді.
Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының нарықтық құны 90 миллион еуроны құрайды.
Бұған дейін L'Equipe басылымы хабарлағандай, Баркола «Пари Сен-Жерменмен» жаңа келісімшартқа қол қоюдан бас тартқан. Ойыншының париждіктермен қазіргі келісімі 2028 жылға дейін жарамды. Ақпарат көзінің дерегінше, 23 жастағы Баркола футболдан әлем чемпионаты аяқталмай тұрып-ақ ПСЖ-мен келіссөздерді тоқтатып, ақыры келісімдерді үзуді шешкен.
Арсен Алиев
Редактор