locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ВИДЕО. Сон Хын Мин Еуропа лигасының финалынан кейін көзіне жас алды

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ВИДЕО. Сон Хын Мин Еуропа лигасының финалынан кейін көзіне жас алды
ФОТО: Getty images

«Тоттенхэм» Еуропа лигасының финалында «Манчестер Юнайтедті» 1:0 есебімен жеңіп, клуб тарихындағы айтулы жеңіске қол жеткізді. Бұл - 17 жыл күткен алғашқы трофей және команданың 2025/26 маусымындағы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдамасы.

Ойын соңындағы ең әсерлі сәттердің бірі – капитан Сон Хын Миннің эмоциясын жасыра алмай, көз жасына ерік беруі болды. Мыңдаған жанкүйердің көз алдында алаңда көзінен жас аққан Сон – клубқа адалдықтың, табандылықтың бейнесі. Ол Лондонда өткізген жылдары бойы армандағанына ақыры жетті.

Финал қарсаңында Сон былай деген еді:

«Мен «Тоттенхэмде» өзгелер жете алмаған биікке өз атымды жазғым келгені үшін қалдым».

Бүгінде бұл сөздер болашақты болжағандай естіледі. Капитан өз уәдесінде тұрды. Ол клубты биікке жетеледі.

Аталған жеңіс «Тоттенхэмнің» 1984 жылдан бергі алғашқы халықаралық трофейі және қазіргі замандағы еурокубоктардағы алғашқы жеңісі ретінде тарихта қалады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie