locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барселона» аңызы Нидерланды құрамасын баптауы мүмкін

Нидерланд футбол қауымдастығы Хавимен келіссөздер жүргізді
ФОТО: Getty Images

Нидерланды құрамасының тізгінін жуық арада күтпеген әрі әйгілі бас бапкер ұстап қалуы ғажап емес, деп хабарлайды Sports24.kz.

Нидерланд футбол қауымдастығы мен испаниялық маман Хави Эрнандес арасында келіссөздер өтті. Бұл туралы De Telegraaf газетінің журналисі әрі инсайдері Майк Вервей хабарлады.

Нидерланд футбол билігі ұлттық құраманың бас бапкерін іздестіруді белсенді жүргізіп жатыр. Бұған себеп – жуырда өткен әлем чемпионатындағы сәтсіздік, онда «қызғалдақтар» 1/16 финалда Мароккоға жол берген болатын.

Жаңа бас бапкерге қатысты түпкілікті шешім өте жақын арада қабылданады деп күтілуде.

Айта кету керек, 46 жастағы каталондық маманның соңғы жұмыс орны – туған «Барселонасы» болды. Ол бұл клубты 2021 жылдың қарашасынан 2024 жылдың мамырына дейін баптап, Ла Лига мен Испания Суперкубогын жеңіп алды. Бұған дейін Хави Катардың «Аль-Садд» клубын жаттықтырған.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie