locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барселона» 2025 жылы алғаш рет жеңілді, бірақ Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
«Барселона» 2025 жылы алғаш рет жеңілді, бірақ Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты
ФОТО: Getty Images

15-16 сәуірге қараған түні дортмундық «Боруссия» мен «Барселона» арасындағы Чемпиондар лигасының ширек финалдық қарымта кездесуі өтті.

Голдар және матчқа бейнешолу

Ойын дортмундтық «Боруссияның» «Сигнал Идуна Парк» стадионында өтіп, алаң иелерінің 3:1 есебімен жеңісімен аяқталды. Матчты итальяндық төреші Маурицио Мариани басқарды.

  • Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!

Сиру Гирасси турнирдің сұрмергендер тізімінде шеру жасады. Алдымен Роберт Левандовскиді, кейін Рафиньяны қуып жетіп, матч соңына қарай хет-трик жасап, ағымдағы Чемпиондар лигасының жалғыз үздік сұрмергені атанды. Бұл кездесуде каталондықтар ерекшеленген жоқ. «Барселона» пайдасына жалғыз голды Рами Бенсебаини өз қақпасына соқты.

Осылайша «Барселона» жеңіліссіз сериясын аяқтап, 2025 жылы алғаш рет есе жіберіп алды. Бірақ бұл екі матчтық текетіресте жалпы есеппен 5:3 есебімен жеңіске жеткен Ханси Фликтің командасына Еуропа кубогының жартылай финалына шығуына кедергі бола алмады.

Чемпиондар лигасы. ¼ финал. 16 сәуір

«Боруссия» Дортмунд (Германия) - «Барселона» (Испания) - 3:1 [алғашқы матч 0:4]

Голдар: Гирасси, 11 (пенальти), 49, 76 - Бенсебаини, 54 (автогол).

«Барселона»: Щенсны - Мартин, Кубарси, Мартинес, Кунде - Гави (Педри, 59), Лопес (Гарсия, 70), Де Йонг - Рафинья, Левандовски (Ольмо, 86), Ямаль (Торрес, 70).

«Боруссия»: Кобель - Зюле, Антон, Бансебайни - Свенссон, Нмеча (Рейна, 64), Гросс, Коуту (Брандт, 65) - Байер (Дюранвиль, 65), Гирасси, Адейеми (Гиттенс, 77).

Ескертулер: Нмеча, 56 - Де Йонг, 35.

ФОТО: ФК Барселона
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie