locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рональд Араухо «Боруссиядан» жеңілгеннен кейін: Жартылай финалға жолдамадан айырылып қала жаздадық

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Рональд Араухо «Боруссиядан» жеңілгеннен кейін: Жартылай финалға жолдамадан айырылып қала жаздадық
ФОТО: Getty Images

«Барселонаның» орталық қорғаушысы Рональд Араухо Чемпиондар лигасының ширек финалының қарымта ойынында дортмундтық «Боруссиядан» (1:3) жеңілгеннен кейін өз ойын білдірді.

«Алты жылдан кейін жартылай финалға шыққанымызға қуаныштымыз, бұл клуб бұған лайық. Біз көп жұмыс жасаймыз.

Бірақ түзетуді қажет ететін жайттар бар, өйткені біз жартылай финалға жолдамадан айырылып қала жаздадық», - деді қорғаушы.

«Барселона» «Боруссияға» қарсы қарымта кездесуде сәтсіздікке ұшырап, 1:3 есебімен жеңіліп, негізгі көрсеткіштер бойынша қарсыластарынан толықтай нашар болды. Рональд Араухоның өзі 5,9 ұпай жинап, SofaScore рейтингі бойынша команданың ең нашар ойыншысы атанды.

Бірақ Ханси Фликтің шәкірттері еурокубоктың жартылай финалына шығып, «Интер» - «Бавария» матчының жеңімпазымен кездеседі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie