Жартылай финалға жолдама алды ба? «Барселона» дортмундтық «Боруссияны» толығымен талқандады


9-10 сәуірге қараған түні «Барселона» мен дортмундық «Боруссия» арасындағы Чемпиондар лигасының ширек финалдық алғашқы ойыны өтті.
Ойын «Барселонаның» өз алаңы «Олимпико» стадионында өтіп, алаң иелерінің 4:0 есебімен ірі жеңісімен аяқталды. Кездесудің бас төрешісі норвегиялық маман Эспен Эскос болды.
- Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Матчтың есебі 25-минутта ашылды – каталондықтардың вингері Рафинья еурокубоктағы 12-голын соғып, сұрмергендер тізіміндегі орнын нығайтты. «Барселона» екінші таймда керемет қарқын алды. Алдымен Роберт Левандовски бұрынғы командасының қақпасына дубль жасады, ал 77-минутта Ламин Ямал матчтың соңғы нүктесін қойды.
Осылайша, «блаугранас» ірі 4:0 есебімен «араларды» жеңіп, қарымта кездесу алдында орасан басымдыққа ие болды. «Вестфалендегі» екінші ойын 16 сәуірге қараған түні өтеді.
Чемпиондар лигасы. ¼ финал. 10 сәуір
«Барселона» - «Боруссия» - 4:0
Голдар: Рафинья, 25, Левандовски, 48, 66, Ямаль 77.
«Барселона»: Щенсны - Бальде, Кубарси, Мартинес (Араухо, 81), Кунде - Педри (Гарсия, 81), Лопес (Гави, 74), Де Йонг - Рафинья, Левандовски (Торрес, 81), Ямаль (Фати, 86).
«Боруссия»: Кобель - Райерсон (Зюле, 78), Джан, Антон, Бансебайни - Чуквуэмека (Рейна, 68), Брандт, Нмеча (Озджан, 68) - Гиттенс (Дюранвиль, 78), Гирасси, Адейеми (Байер, 46).
Ескертулер: Адейеми, 24, Гирасси, 74.


Басқа спорт түрлері
Бүгін 09:05

Теннис
Бүгін 08:51

Теннис
Бүгін 07:51