«Боруссия» - «Барселона». Гирассидің хет-тригі! Голдар және матчқа бейнешолу
15-16 сәуірге қараған түні дортмундық «Боруссия» мен «Барселона» арасындағы Чемпиондар лигасының ширек финалдық қарымта кездесуі өтті (3:1).
Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Қарқынды старт «Боруссия» үшін жемісін берді - «Барселонаның» қақпасына жасалған шабуылдар сериясы пенальтимен аяқталды. Серу Гирасси паненкамен теуіп, ағымдағы Чемпиондар лигасында өзінің 11-ші голын соқты.
Екінші таймның басында Гирасси бұрыштама добынан кейін екінші голын соқты. Ал небәрі бес минуттан кейін ассист авторы Бенсебаини допты алаңнан сыртқа шығарып жібермек болды, бірақ тура өз қақпасына соқты.
76-минутта Рональд Араухо Дюранвильдің кроссын қайтарғанымен, допты Гирассидің аяғына тура жеткізді – гвинеялық мүмкіндікті жібермей үшінші голын салды.
Осылайша, «аралар» қарсыластарынан барлық жағынан толықтай басым түсті, бірақ бірінші ойындағы басымдық «Барселонаға» жеткілікті болды. Жартылай финалда каталондықтар «Интер» – «Бавария» жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Чемпиондар лигасы. ¼ финал. 16 сәуір
«Боруссия» Дортмунд (Германия) - «Барселона» (Испания) - 3:1 [алғашқы матч 0:4]
Голдар: Гирасси, 11 (пенальти), 49, 76 - Бенсебаини, 54 (автогол).
Матчқа бейнешолу: