Қазақстандық футбол ардагері ел чемпионы болуға басты үміткерді атады
2025 жылғы Қазақстан чемпионы анықталатын күн алыс емес. «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Юсуп Шадиев маусым қорытындысында бірінші орынға кімнің шығатыны жөнінде өз пікірін білдірді.
Қазақстандық футбол ардагері артықшылықты өздерінің бұрынғы командасына берді. Оның айтуынша, алматылықтар алаңда бар күшін салып ойнап жүр, ал чемпиондық бәсекедегі басты бәсекелестері – «Астана» жайлы бұлай айту қиын.
«Алтын тағдыры соңғы турдағы «Қайрат» — «Астана» матчында, Алматыдағы Орталық стадионда шешіледі. Қазіргі таңда алматылықтардың чемпион атану мүмкіндігі жоғарырақ көрінеді. «Қайраттың» әр ойыншысы эпизодтарды соңына дейін жеткізеді. Бұл клубта, айтқандай, «жеңілдікке» бейім ойыншылар жоқ. Ал «Астанада» керісінше, футболшылар жиі жүгірмей, эпизодтарды толық аяқтамайды», - деді Шадиев sports.kz сайтына берген сұхбатында.