locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Елена Рыбакина WTA Finals-пен бірге АҚШ-қа «көшеді»

2027 жылдан бастап WTA-ның қорытынды турнирі Сауд Арабиясынан Шарлотт қаласына ауысады
Елена Рыбакина WTA Finals-пен бірге АҚШ-қа «көшеді»
ФОТО: Getty images

Елена Рыбакина 2025 жылы жеңімпаз атанған WTA Finals турнирі жақын арада мекенін өзгертеді. 2027 жылдан бастап маусымның үздік сегіз теннисшісі чемпиондық атақты АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатындағы Шарлотт қаласында сарапқа салады, деп хабарлайды Sports24.kz WTA баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа қабылдаушы қаламен келісім кемінде үш маусымға - 2027 жылдан 2029 жылға дейін жасалған. Матчтар НБА-дағы «Шарлотт Хорнетс» клубының үй аренасы саналатын жабық Spectrum Center-де өтеді.

Турнирмен бірге WTA-ның өзі де Шарлоттқа қоныс аудармақ. Келісім аясында ұйым өзінің жаһандық штаб-пәтерін Флоридадан Солтүстік Каролинаға толық көшіруді жоспарлап отыр.

Алайда Шарлотттағы кезең басталғанға дейін WTA Finals тағы бір қалада өтеді. 2026 жылы қорытынды турнир Индиан-Уэллсте ұйымдастырылады, ал Елена Рыбакина бұл жарысқа қатысу құқығына ие болып үлгерді.

WTA Finals тарихы 1972 жылдан басталады. Содан бері маусымның басты қорытынды додасы бірнеше рет мекен ауыстырды. Әр жылдары турнирді Нью-Йорк, Сингапур, Канкун және Эр-Рияд қабылдады. Жекелей сында ең көп чемпион атанған теннисші - Мартина Навратилова. Ол бұл жарысты сегіз рет жеңіп алған.

WTA Finals-қа дәстүрлі түрде маусым қорытындысы бойынша үздік сегіз теннисші жолдама алады. Қатысушылар WTA чемпиондық жарысында жыл бойы жинаған ұпайлары арқылы анықталады.

Қазақстандық жанкүйерлер үшін бұл турнирдің орны бөлек. 2025 жылы Елена Рыбакина мансабында алғаш рет WTA Finals чемпионы атанды. Қазақстандық теннисші финалда Арина Соболенконы жеңіп, маусымның қорытынды турниріндегі алғашқы титулын иеленді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie