locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасының матчтар саны бойынша рекордшылары: үздік 5 футболшы

Сергей Малый Самат Смақовтан озып, тарихи рейтингтің көшін бастады, ал Исламбек Қуат үздік үштікке енді.
Қазақстан құрамасының матчтар саны бойынша рекордшылары: үздік 5 футболшы
ФОТО: КФФ

«Ордабасы» қорғаушысы Сергей Малый Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ең көп матч өткізген футболшы атанды. Sports24.kz ұлттық құрама сапында ең көп ойын өткізген бес футболшыны назарға ұсынады.

Малый 6 қазанда Ұлттар лигасы аясында Фарер аралдарына қарсы өткен матчтан кейін тарихи жетістікке қол жеткізді. Бұл кездесу ол үшін Қазақстан құрамасындағы 77-матч болды.

Осылайша, футболшы ұзақ уақыт бойы бұл көрсеткіш бойынша көш бастап келген Самат Смақовтың рекордын жаңартты.

Қазақстан құрамасының матч саны бойынша үздік 5 рекордшысы

1. Сергей Малый - 77 матч

36 жастағы қорғаушы ұлттық құрамадағы дебютін 2014 жылғы 5 наурызда Литваға қарсы жолдастық кездесуде жасады.

Арада 12 жылдан астам уақыт өткенде Малый Қазақстан құрамасының рекордшысы атанды. Фарер аралдарына қарсы ойында ол гол соққанымен, кездесудің соңына қарай қызыл қағаз алды.

2. Самат Смақов - 76 матч

Ұлттық құраманың бұрынғы капитаны ұзақ жылдар бойы өткізген матчтарының саны бойынша көш бастап келді.

Смақов 2000 жылдан 2016 жылға дейін Қазақстан құрамасының намысын қорғап, отандық футбол тарихындағы айтулы тұлғалардың біріне айналды.

3. Исламбек Қуат - 76 матч

Исламбек Қуат ұлттық құрамадағы дебютін 2015 жылғы қыркүйекте Еуропа чемпионаты-2016 іріктеу кезеңінде Чехияға қарсы матчта жасады.

Фарер аралдарына қарсы өткен соңғы кездесуде жартылай қорғаушы Қазақстан құрамасы сапында өткізген ойындарының саны бойынша Самат Смақовпен теңесті. Бұл Қуат үшін ұлттық құрамадағы 76-матч болды.

Енді ол құраманың бұрынғы капитанымен екінші орынды бөлісіп тұр. Қуат қараша айында Молдова мен Словакияға қарсы өтетін матчтарда Смақовтан озып, жеке рекорд орнатуы мүмкін.

4. Руслан Балтиев - 73 матч

Бұрынғы жартылай қорғаушы 1997 жылдан 2009 жылға дейін ұлттық құраманың намысын қорғады. Көп матч өткізумен қатар, Балтыев Қазақстан құрамасы тарихындағы үздік сұрмергендердің арасында екінші орында тұр. Оның еншісінде 13 гол бар. Ол 15 гол соққан Бақтиёр Зайнутдиновтан ғана қалып келеді.

Сондай-ақ Балтыев 2022 жылғы сәуірден 2024 жылғы маусымға дейін Магомед Адиевтің жаттықтырушылар штабында көмекші болды. Ресейлік маман қызметінен кеткеннен кейін, 2024 жылғы маусым мен шілде аралығында ұлттық құраманың бас бапкері міндетін атқарды.

2025 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан құрамасының футбол департаментін басқарады.

5. Ян Вороговский - 67 матч

Қорғаушы ұлттық құрамадағы дебютін 2017 жылғы маусымда 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Данияға қарсы кездесуде жасады.

«Астана» ойыншысы ұлттық құрама сапында өнер көрсетуді жалғастырып, матч саны бойынша рекордшылар қатарына енді.

Вороговский Фарер аралдарына қарсы ойында кездесудің екінші жартысында алаңға шығып, ұлттық құрамадағы 67-матчын өткізді. Ян да Исламбек Қуат секілді алдағы Ұлттар лигасының матчтарында көрсеткішін жақсарта алады.

«Смақов — тарихтағы ең ұлы ойыншы» — Сергей Малый

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie