locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Трансгендер төреші Германия мен Қазақстан арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу матчына төрелік етеді

Сапир Берман қыздар арасындағы юношалық ұлттық құрамалардың кездесуінде бас төреші болып тағайындалды
Трансгендер төреші Германия мен Қазақстан арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу матчына төрелік етеді
ФОТО: instagram.com/sapir_berman/

9 қазанда Қазақстан құрамасы 17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Германиямен кездеседі. Матчқа израильдік Сапир Берман төрелік етеді, деп хабарлайды Sports24.kz.

С тобының бірінші туры аясындағы кездесу Германияның Франкфурт-на-Майне қаласында сағат 15:30-да басталады.

Айта кетейік, Сапир Берманнан бөлек, матчқа Израильден Дония Зидан, сондай-ақ Шотландиядан Викки Робертсон мен Абби Хендри тағайындалған.

Сапир Берман деген кім?

Сапир Берман — израильдік футбол төрешісі. Ол 2021 жылы өзінің трансгендер екенін көпшілікке ашық мәлімдеді. Осыдан кейін де кәсіби футболдағы төрешілік мансабын жалғастырды.

2025 жылдың наурызында Берман халықаралық футбол матчына төрелік еткен алғашқы ашық трансгендер әйел ретінде тарихқа енді. Ол Белфаст қаласында өткен 17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Солтүстік Ирландия мен Черногория құрамалары арасындағы кездесуді басқарды. Сол матчта Черногория құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie