locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барыс» Кирилл Панюковтың келесі клубын атады

Ойыншы фарм-клубқа жіберіледі
Хоккей
«Барыс» Кирилл Панюковтың келесі клубын атады
ФОТО: ХК «Барыс»

Астаналық «Барыс» қазақстандық шабуылшы Кирилл Панюковты «Номадқа» ауыстырғанын хабарлады, деп жазады Sports24.kz.

Бұған дейін форвард ҚХЛ-дың бас тарту тізіміне енгізілген болатын.

48 сағат ішінде лиганың бірде-бір клубы хоккейшіні өз құрамына алмады. Осыған байланысты ол елордалық клубтың фарм-командасына жіберілді.

Еске сала кетейік, Кирилл Панюков 2016-2021 жылдар аралығында «Барыс» сапында өнер көрсетті. Кейін шабуылшы Қазанның «Ак Барс» клубына ауысып, онда екі маусым өткізді. Одан кейін ол Омбының «Авангарды» және Хабаровскінің «Амуры» құрамында бір маусымнан ойнап, 2024 жылы Қазақстан астанасына оралды.

Ағымдағы маусымда форвард тұрақты чемпионатта небәрі екі жеңісті матчқа қатысты. Бұл ойындар Ярославльдің «Локомотиві» мен Нижнекамскінің «Нефтехимигіне» қарсы өтті, алайда хоккейші нәтижелі әрекеттерімен көзге түсе алмады.

Дәл қазір Панюковтың бұрынғы командасы ҚХЛ тұрақты чемпионатының матчын өткізіп жатыр. Астаналық «Барыс» сырт алаңдағы ойындар сериясын Владивостоктың «Адмиралына» қарсы кездесумен жалғастыруда.

«Адмирал» - «Барыс»: ҚХЛ матчының тікелей трансляциясын көру

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie