locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасының қақпашысы 23 жасында мансабын аяқтады

Алишер Сүлеймен Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы сапында бір матч өткізді
Футбол
Қазақстан құрамасының қақпашысы 23 жасында мансабын аяқтады
ФОТО: ФК «Тараз»

«Тараз» қақпашысы Алишер Сүлеймен 23 жасында кәсіби футбол мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Тараз» клубы қақпашыға команда сапындағы өнері үшін алғыс айтып, оның кәсібилігін, жауапкершілігін және ұжымға қосқан үлесін атап өтті.

«Кәсіби мансапты аяқтау оңай емес. Артта ұзақ жылдарға созылған жаттығулар, оқу-жаттығу жиындары, жеңістер мен тартысты матчтар қалады», - делінген клуб хабарламасында.

Сондай-ақ команда Сүлейменге өмірінің жаңа кезеңінде сәттілік тілеп, футбол секілді өзіне дәл сондай ләззат сыйлайтын іспен айналысуын тіледі.

Алишер – елордалық «Жеңіс» клубының түлегі. Әр жылдары ол клубтың негізгі командасы мен «Атырау» сапында да өнер көрсетті.

2026 жылдың қаңтарында қақпашы «Таразға» еркін агент ретінде қосылды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie