Рыбакина маусымды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтауы мүмкін: бұл үшін не қажет
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымды WTA әлемдік рейтингінің көшбасшысы ретінде аяқтау мүмкіндігіне ие, деп хабарлайды Sports24.kz.
Рыбакина Жапония астанасында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы жарыста өнер көрсетуде. Ол турнирде бірінші нөмірлі фаворит ретінде тіркеліп, алғашқы айналымды өткізіп алды.
Токиодағы бір жеңіс Рыбакинаға жылдың қорытындысы бойынша WTA рейтингінде бірінші орынға шығуына кепілдік береді. Бұл ретте оның басты қарсыласы — Беларусь өкілі Арина Соболенконың нәтижесі маңызды болмайды.
WTA ұйымы Рыбакина Токиода жеңіске жетпеген жағдайда да, екі аптадан кейін Индиан-Уэллсте өтетін WTA қорытынды турнирінде бір матчта жеңіске жету арқылы жыл соңындағы бірінші орнын қамтамасыз ете алатынын атап өтті.
Келесі матчта қазақстандық теннисші отандасы Юлия Путинцевамен кездеседі.
Қазақстандық дерби: Токиодағы турнирде Рыбакина Путинцеваға қарсы. Онлайн көру