locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасына құрамын жариялады

Ақтық құрамаға 18 спортшы енді
Басқа спорт түрлері
Қазақстан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасына құрамын жариялады
ФОТО: НОК РК

Қазақстан құрамасы Сенегалдың Дакар қаласында өтетін жасөспірімдер Олимпиадасында спорттың 11 түрінен бақ сынайды. Ұлттық құраманың ақтық тізіміне 18 спортшы енді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Жасөспірімдер Олимпиадасы 31 қазан мен 13 қараша аралығында өтеді. Алдағы жарыс Африка құрлығында өтетін тарихтағы алғашқы Олимпиада ойындары болмақ.

Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитеті турнирге қатысушылардың ақтық тізімін таныстырды.

Қазақстан құрамасының 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасына арналған құрамы:

Таэквондо: Любовь Юн.
Триатлон: Рамазан Айнегов.
Жеңіл атлетика: Маргарита Косинова (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Максим Сажнев (диск лақтыру).
Спорттық гимнастика: Ева Тациева, Андрей Терман.
Бокс: Ақнұр Тұрсынғали, Марал Төлепберген, Бибарыс Аширбай.
Шосседегі велоспорт: Анель Ташбай, Глеб Новиков.
Дзюдо: Фатима Супығалиева.
Жағажай волейболы: Оразали Сағыныш, Алихан Ағабек.
Жүзу: Анатолий Руденко, Дарья Чеснокова.
Семсерлесу: Айбар Қайым (сабля).
Брейкинг: Айзара Жұмабекова.

Қазақстан құрамасының айтулы спортшыларының бірі дзюдошы Фатима Супығалиева болмақ. Спортшы кадеттер арасында әлемнің қазіргі чемпионы атанып, өз жас санатындағы әлемдік рейтингте бірінші орында тұр. Дакардағы ойындарда ол 52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді.

Жеңіл атлетикада Қазақстан намысын екі спортшы қорғайды. Маргарита Косинова 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруден сынға түссе, Максим Сажнев диск лақтырудан жүлдеге таласады.

Дакарда өтетін жасөспірімдер Олимпиадасына әлемнің түкпір-түкпірінен шамамен 2700 спортшы қатысады деп күтілуде. Олар спорттың 25 негізгі түрінен 153 медаль жиынтығын сарапқа салады. Жарыстарды Сенегалдың үш қаласы: Дакар, Диамниадио және Сали қабылдайды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie