locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қытайда Мбаппенің даулы мәлімдемесінен кейін оған қатысты материалдар өшірілді

Бұл Қытай көшбасшысы Мао Цзэдунның бейнесі бар мемге қатысты сөздерінен кейінгі жанжалдан соң болды
Футбол
Қытайда Мбаппенің даулы мәлімдемесінен кейін оған қатысты материалдар өшірілді
ФОТО: Getty Images

Қытай телеарналары, интернет-платформалары мен ірі компаниялары мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе бейнеленген жарнамалық материалдарды өшіре бастады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Испаниялық басылымдардың мәліметінше, мемлекеттік CCTV телеарнасы Испания чемпионаты матчтарының трансляцияларын тоқтатып, француз футболшысы қатысқан жарнамалық роликтер мен бейнематериалдарды да алып тастаған.

Жанжалға Мбаппе өзінің сүйікті интернет-мемі туралы айтқан сұхбат себеп болды. Форвардтың сөзінше, оның қытай диктаторының бейнесіне өз бет-бейнесі салынған сурет күлкісін келтірген. Әңгіме әлеуметтік желілерде кең тараған Мао Цзэдунның портреті бейнеленген мем туралы болып отыр.

Футболшының бұл мәлімдемесі Қытайда жағымсыз реакция туғызды. Мұнда елдің бұрынғы басшылары туралы мұндай әзілдер аса сезімтал тақырып саналады.

Жағдай ойыншының коммерциялық серіктестеріне де әсер етті. Dongpeng, Mengniu және Milkground компаниялары Мбаппемен ынтымақтастықты тоқтататынын жариялады. Бренд өкілдері Қытай халқының сезіміне тиетін мәлімдемелер мен әрекеттерді қабылдамайтынын мәлімдеді.

Сонымен қатар, Қытайдың Xiaohongshu платформасы футболшыға қатысты материалдарды қайта қарап, өшіріп жатқанын хабарлады. Алайда сервис өкілдері олардың Мбаппемен ынтымақтастығы 2024 жылдың соңында-ақ аяқталғанын нақтылады.

Жанжал аясында Қытайдың спорттық интернет-ресурстары да жағдайға қатысты пікір білдірді. Атап айтқанда, Dongqiudi платформасы шабуылшының мәлімдемесін сынап, оның қытайлық жанкүйерлердің көңіліне тигенін айтты.

Қазіргі уақытта Мбаппе де, мадридтік «Реал» да жағдайға қатысты көпшілік алдында түсініктеме берген жоқ.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie