«Ақтөбе» - «Қайсар» - 4:1. Қатарынан екінші матчта төрт гол! Голдар және матчқа бейнешолу
6 сәуірде Қазақстан Премьер-лигасының төртінші туры аясында «Ақтөбе» - «Қайсар» (4:1) кездесуі өтті.
Ойын 4:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Матчтың 14-минутында «қызыл-ақтар» есеп ашты. Бағдат Қайыров Джордде Ивковичпен қарсыластың айып алаңында «қабырға» ойнатып, кейін допты қақпаға бағыттады. Ал бірінші таймның соңында Дархан Бердібек есепті еселеді. Екінші таймда Идрис Умаев пен Оралхан Өміртаев бірдей голдар соғып, ірі есеп тіркеді. Қосымша уақытта Айбар Жақсылықов «дала қасқырлары» үшін жұбаныш голын соға алды.
Осылайша, «Ақтөбе» екінші ойында қатарынан төрт гол соғып, «Астана» мен «Қайрат» клубтарымен бірге кестеде көш бастап тұр. Ал «Қайсар» чемпионаттың соңғы орнында табан тіреді.
ҚПЛ. 4-тур. 6 сәуір
«Ақтөбе» - «Қайсар» - 4:1
Голдар: Қайыров, 14, Бердібек, 43, Умаев, 55, Өміртаев, 75 - Жақсылықов, 90.
Матчқа бейнешолу: