locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ақтөбе» бапкері «Қайсармен» болған ірі жеңіске пікір білдірді

Футбол
Дамир Кошечкин
Дамир Кошечкин
Журналист
«Ақтөбе» бапкері «Қайсармен» болған ірі жеңіске пікір білдірді
«Ақтөбе» бапкері «Қайсармен» болған ірі жеңіске пікір білдірді

Қазақстан Премьер-Лигасының төртінші турында «Қайсарды» 4:1 есебімен ойсырата жеңген «Ақтөбе» командасының бас бапкерінің көмекшісі Вячеслав Левчук осы матчқа қатысты пікірін ортаға салды.

«Жеңіс - әрқашан жеңіс. Біз сырт алаңда «Атырауды» 4:0 есебімен ұтқаннан кейін, қала мен облыс халқы дәл осындай нәтижені күтті. Жігіттер де бұл жауапкершілікті жақсы түсінді. Алғашқы минуттарда сәл толқу болды, қақпамыздың маңында қауіпті сәттер орын алды. Бірақ тамаша, нағыз шеберлікпен соғылған голдан кейін ойыншылар сабырға келе бастады»,- деді Левчук.

Сондай-ақ, ол Дархан Төлегеновтың ойынына тоқталып өтті.

«Дархан екінші голды соқты, дегенмен оған дейін көп қателіктерге бой алдырды. Көптеген шабуылдарымыз дәл соның тұсында үзіліп жатты. Бұл да жауапкершілік пен толқудың салдары. Алайда үзіліс кезінде Игорь Иванович кейбір тұстарға нақты тоқталып, нұсқау берді. Екінші тайм да жақсы деңгейде өтті. Сонымен қатар, екі орталық қорғаушымыз жарақат алып қалды - бұл елеулі мәселе. Бірақ бәрі жақсы аяқталғаны қуантады»,- деп түйіндеді ол.

Қазір «Ақтөбе» 10 ұпаймен Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде екінші орында келеді, дегенмен көш басындағы «Қайрат» пен үшінші сатыдағы «Астана» да дәл осындай ұпайға ие.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie