Ақтөбе легионері мансабын Кувейт чемпионатында жалғастырады
Футбол
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: Instagram
Гаитяндық жартылай қорғаушы Жайро Жан "Актөбе" клубынан кетіп, Кувейт чемпионатында өнер көрсетуді жалғастырады.
26 жастағы ойыншы "Аль-Кадсия" клубымен келісімшарт жасасты. Бұл клуб Кувейт чемпионатында үшінші орынға ие.
Өткен маусымда Қазақстан Премьер-Лигасында Жайро Жан "Ақтөбе" құрамында 24 матч өткізіп, 4 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар, оның есебінде еурокубоктарда 1 гол бар.
Transfermarkt.de сайты футболшының құнын 500 мың еуро деп бағалауда. Мансап жолында Жан гаитяндық "Сен Луи", "Америка де Ке", "Атлетико Сан-Кристобаль" және "Харабакоа", сондай-ақ боливиялық "Реал Санта-Крус" пен "Олвейс Реди" клубтарында да ойнаған.
Реал Бавария ойыншысы Альфонсо Дэвиспен келіссөздерді аяқтауға жақын