locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Реал Бавария ойыншысы Альфонсо Дэвиспен келіссөздерді аяқтауға жақын

Реал Бавария ойыншысы Альфонсо Дэвиспен келіссөздерді аяқтауға жақын
ФОТО: gettyimages.com

Мадридтік "Реал" мюнхендік "Баварияның" қорғаушысы Альфонсо Дэвисті жазғы трансфер терезесінде еркін агент ретінде өз құрамына қосуға жақын. Бұл туралы Marca хабарлады.

Ақпарат көзінің мәліметінше, екі тарап футболшының жеке келісімшартының шарттары бойынша ауызша келісімге келген. Канадалық ойыншы жақын арада жаңа маусымда команда ауыстыруға байланысты келісімді рәсімдеуі мүмкін.

Айта кетейік, Дэвистің "Бавариямен" қазіргі келісімшарты 2025 жылғы 30 маусымда аяқталады. Биылғы маусымда 24 жастағы қорғаушы барлық турнирлерде 23 матч өткізіп, бір гол соғып, үш нәтижелі пас берген. Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, футболшының нарықтық құны 50 миллион еуроны құрайды.

Мадридтік Реал қаңтарда Трент Александр-Арнольдты сатып алмайды

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie