«Астана» әлі де шыңда. 13-турдан кейінгі ҚПЛ кестесі
22 маусымда футболдан Қазақстан чемпионатының бірінші айналымы аяқталды - ҚПЛ клубтары 13-турдың барлық матчтарын өткізді.
Бірінші ойын күні бес кездесу өтті. Күн бағдарламасы екі матчпен ашылды - «Жеңіс» - «Атырау» және «Қайрат» - «Қызылжар». Елордалық клуб чемпионаттың басты аутсайдерін 2:0 есебімен сенімді түрде ұтты. Ал «Қайрат» еш қиналмай, петропавлдық клубты минималды есеппен жеңе білді.
Қостанайлық «Тобыл» да фаворит ретінде «Жетісумен» кездесуде үш ұпай алып, чемпионаттың үздік үштігіне қайта оралды.
Бірінші күннің екі матчының нәтижесін соңында соғылған голдар шешті. 90+1-ші минутта Жан-Али Пайруз соққан голдың арқасында «Елімай» өз алаңында «Тұранмен» өткен кездесуде жеңіске жетті. «Оқжетпес» пен «Ордабасы» голсыз тең ойынға бет алғанымен, қосылған уақыттың төртінші минутында шымкенттіктер жеңіс голын соқты.
13-турдың екінші күні қызылордалық «Қайсар» мен жезқазғандық «Ұлытау» кездесті. Кездесу басында бірінші голды соққан қонақтар азшылықта қалып, есепті ұстап тұру үшін ойнады. «Дала қасқырлары» бұл жағдайға қанағаттанбай, негізгі уақыттың аяқталуына үш минут қалғанда есепті теңестірді. Осылайша командалар тең түсті.
Турдың орталық матчы соңғы болды – «Ақтөбе» Орталық стадионда елордалық «Астананы» қабылдады. Алаңда командалар тең көрініп, матчтың нәтижесін пенальти шешті. 84-минутта «қызыл-ақтардың» қорғаушысы Марин Томасовты шалып құлатып, өз қақпасына 11-метрлік доп әкелді. Соққыны астаналық клубтың жартылай қорғаушысы Назми Грипши голға айналдырды.
Нәтижесінде «Астана» бірінші айналымды 33 ұпаймен бірінші орында аяқтады. «Қайрат» елордалықтардан үш ұпайға қалды. «Тобыл» 27 ұпаймен үшінші орында тұр, бірақ қостанайлықтардың қоржынында екі ойын бар. «Атырау» кестеде соңғы орында – «мұнайшылар» 15 кездесуде төрт ұпай ғана жинай алды.
Қазақстан Премьер-лигасының 13-турдан кейінгі турнирлік кестесі:
