locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Драмасыз жеңіс: «Тобыл» «Жетісуды» жеңіп, үздік үштікке қайта оралды

«Тобыл» кезекті жеңісіне қол жеткізді
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Драмасыз жеңіс:  «Тобыл» «Жетісуды» жеңіп, үздік үштікке қайта оралды
ФОТО: pfl

Қазақстан Премьер-лигасының 13-туры аясында Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында «Жетісуға» қарсы матч өткізіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Нұрбол Жұмасқалиев баптайтын команда ойынның басым бөлігінде толық үстемдік орнатып, маңызды үш ұпайды еншіледі.

Алғашқы голды жанкүйерлер 19-минутта көрді - есепті Жасұлан Жұмашев ашты. Үзілістен кейін де қостанайлықтар шабуылды үдете түсті. 72-минутта Ислам Чесноков тағы бір гол соғып, командасының басымдығын еселей түсті. Қонақтар тек 81-минутта ғана жауап қайтарып үлгерді - Рус лан Болов есепті қысқартқанымен, «Жетісу» одан әрі шабуылдарын нәтижеге айналдыра алмады.

ҚПЛ-2025. 13-тур

«Тобыл» — «Жетісу» — 2:1 (1:0)

Голдар: Жұмашев, 19 (1:0). Чесноков, 72 (2:0). Болов, 81 (2:1)

Бұл жеңістің арқасында «Тобыл» 27 ұпай жинап, турнирлік кестеде 3-орынға көтерілді. Ал «Жетісу» 10 ұпаймен 13-сатыда қалып отыр. 13-турдың алғашқы ойын күнінен кейін көш басында - 30 ұпай жинаған «Қайрат» тұр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie