Гол аз, нәтиже зор: «Қайрат» сан басымдығын ұтымды пайдаланып, «Қызылжарды» тізе бүктірді
ҚПЛ-2025 маусымының 13-турында алматылық «Қайрат» өз алаңында «Қызылжарды» 1:0 есебімен жеңді. Кездесудің тағдыры бірінші таймда-ақ шешіле бастады - солтүстікқазақстандық клуб бір ойыншымен аз қалған соң, алматылықтар басымдықты толық пайдаланды.
31-минутта қонақтар сапындағы Тоқтар Жаңғылышбай тікелей қызыл қағаз алып, командасын қиын жағдайға душар етті. «Қайрат» үнемі шабуылдап, басымдықты өз қолында ұстады. Нәтижесінде 74-минутта Валерий Громыко алыстан бағыттаған дәл соққысымен есеп ашты.
ҚПЛ-2025. 13-тур
«Қайрат» – «Қызылжар» – 1:0 (0:0)
Гол: Громыко, 74 (1:0)
Қызыл қағаз: Жаңғылышбай («Қызылжар»), 31
Бұл жеңістен кейін «Қайрат» ұпай санын 30-ға жеткізіп, турнир кестесінде бірінші орынға шықты. Ал «Қызылжар» 14 ұпаймен сегізінші орынға сырғыды.