«Жеңіс» маңызды үш ұпайды қоржынға салды: елордалық клуб «Атырауды» тізе бүктірді
ҚПЛ-дің 13-турында елордалық «Жеңіс» өз алаңында кезекті жеңіске қол жеткізді. Қарсылас — турнир кестесінің соңғы сатысындағы «Атырау» болды. Кездесу екінші таймда қарқын алып, нәтижесінде алаң иелері 2:0 есебімен басым түсті.
Алғашқы таймда есеп ашылмағанымен, үзілістен кейін «Жеңіс» тізгінді қолға алып, 62-минутта легионер Иван Шараваня есепті ашты. Ал матчқа нүкте қойған — Асхат Балтабеков. Ол төреші қосқан қосымша минуттарда (90+2′) командасының жеңісін түйіндеді.
КПЛ-2025. 13-тур
«Жеңіс» – «Атырау» – 2:0 (0:0)
Голдар: Шараваня, 62 (1:0). Балтабеков, 90+2 (2:0).
Бұл жеңістен кейін «Жеңістің» ұпай саны 13-ке жетіп, команда турнирлік кестеде 9-орынға көтерілді. Ал «Атырау» биылғы маусымда әлі бірде-бір рет жеңіске жете алмай, 4 ұпаймен соңғы орында қалып отыр.