locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Арсенал» мен «Ливерпуль» «Барселона» бақылауындағы вингерге қызығушылық танытуда

Күрес өте тартысты болмақ
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
«Арсенал» мен «Ливерпуль» «Барселона» бақылауындағы вингерге қызығушылық танытуда
ФОТО: Getty Images

Жазғы трансферлік терезеде «Ливерпуль» ойыншыларды белсенді түрде сатып алып, жарты миллиард еуроға жуық қаржы жұмсады. Алайда «қызылдар» да, олардың Премьер-лигадағы бәсекелестері де бұнымен тоқтап қалмақ емес.

CaughtOffside-тың хабарлауынша, «Ливерпуль» мен «Арсенал» «Лионның» вингері Малик Фофананы өз қатарларына қосуға қызығушылық танытып отыр. 20 жастағы қаптал ойыншысы француздық алпауыттар сапында 74 матчта 25 гол соққан. Қазіргі таңда клуб қаржылық қиындықтарға тап болып отыр, сондықтан үздік клубтардың қызығушылығын олар тиімді пайдалануға тырысады.

Әзірге «Лион» бельгиялық ойыншы үшін қанша сұрайтыны белгісіз, бірақ оған деген үлкен сұраныс бағаның айтарлықтай өсуіне себеп болуы мүмкін. Айта кетейік, «Барселона» да шабуыл шебін жас әрі қарымды вингермен нығайтуды көздейді.

Бұған дейін Лионель Месси АҚШ-тағы мансабын аяқтаған соң отбасымен бірге Барселонаға қайтып оралғысы келетінін мәлімдеген болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie