Лионель Месси Барселонаға қайта оралғысы келетінін мәлімдеді
Каталония астанасы аңыз аргентиналықтың жүрегінде мәңгі сақталады
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images
Америкадағы «Интер Майами» және Аргентина құрамасының аңыз шабуылшысы Лионель Месси АҚШ-тағы мансабын аяқтаған соң отбасымен бірге Барселонада тұрғысы келетінін ашық айтты.
«Мен шынымен де оралғым келеді. Біз Барселонаны қатты сағынамыз. Әйелім және балаларыммен үнемі Барселона жайлы, қайта сол жерде өмір сүру туралы әңгімелесеміз.
Бізде үйіміз бар, барлық қажетті жағдай жасалған, сондықтан қайта оралғымыз келеді», — деп бөлісті Месси.
Аңызға айналған аргентиналық футболшы Каталония астанасының клубында 2003 жылдан 2021 жылға дейін өнер көрсетіп, әлемдік футболдың нағыз символына айналды.
Бұған дейін Мессидің «Камп Ноуға» қайта оралғаны хабарланған болатын.