locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қарағандыдағы «Шахтер» академиясының пайдалануға берілетін мерзімі белгілі болды

Жаңа футбол академиясы 2027 жылдың қазан айына дейін толық дайын болады
ФОТО: ФК «Шахтер» Караганда

Қарағандыда салынып жатқан «Шахтер» академиясының оқу-жаттығу базасын пайдалануға беру мерзімі белгілі болды, деп хабарлайды Sports24.kz.

ASnews.kz хабарлағандай, заманауи футбол академиясы 2027 жылдың қазан айына дейін толық пайдалануға беріліп, балаларды қабылдауға дайын болады.

Салынып жатқан оқу-жаттығу базасында 3500 көрерменге арналған стадион, сондай-ақ жыл бойы жаттығуға мүмкіндік беретін жабық манеж бен жылытылатын алаң болады. Сонымен қатар ұлдар мен қыздарға арналған интернат, оқу сыныптары, жаттығу залдары, бассейн және медициналық блок орналасатын толыққанды әкімшілік-тұрмыстық кешен салынады.

Бұған дейін «Шахтер» клубының КПЛ-ға оралар алдында тарихи рекорд орнатқаны туралы жазған едік. Қазақстанның екі дүркін чемпионы бұған дейін жаңа маусымда Премьер-лигада өнер көрсету құқығын мерзімінен бұрын қамтамасыз еткен болатын.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie