locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қақпашыдан пас, Плаккадан гол: «Елімай» «Жетісуды» ойсырата жеңіп, екінші орынға көтерілді

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Қақпашыдан пас, Плаккадан гол: «Елімай» «Жетісуды» ойсырата жеңіп, екінші орынға көтерілді
ФОТО: kff league

Қазақстан Премьер-лигасының 6-турында семейлік «Елімай» сырт алаңда талдықорғандық «Жетісуды» 3:0 есебімен ойсырата жеңді.

Кездесудің небәрі 2-минутында қонақтар есеп ашты: Одеойбо дәл соққы жасап, командасын алға шығарды. Ал бірінші таймның соңына қарай Максим Коваль өз қақпасынан ұзын пас шығарып, алға кеткен Фесу Плакканың дәл соққысының арқасында еселей түсті. Ойын тағдырын 64-минутта Мулич түбегейлі шешті.

Қазақстан Премьер-лигасы. 6-тур

«Жетісу» – «Елімай» – 0:3

Голдар: Одеойбо, 2 (0:1). Плакка, 45 (0:2). Мулич, 64 (0:3).

Бұл жеңістің арқасында «Елімай» 10 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Ал «Жетісу» төрт ұпаймен 12-орынға сырғыды.

Бұл матч «Жетісу» бас бапкері Самат Смақов үшін соңғы ойын болуы мүмкін деген ақпарат тарауда. Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында команданың нәтижесіне байланысты оның отставкаға кететіні туралы мәліметтер шыққан болатын.

Келесі турда «Елімай» 4 мамыр күні өз алаңында «Оқжетпесті» қабылдайды. Ал «Жетісу» 3 мамырда қонақта «Тұранмен» кездеседі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie