«Жетісу» – «Елімай» – 0:3. Қақпашының ассисті, қонақтардың айқын жеңісі. Голдар және матчқа бейнешолу
Қазақстан Премьер-Лигасының алтыншы тур матчында «Елімай» сырт алаңда «Жетісуды» ірі есеппен – 3:0 есебімен жеңді.
Семейлік команда ойын басынан-ақ басымдықты өз қолына алып, қарсыласына ойынын жүргізуге мүмкіндік берген жоқ.
Кездесудің 2-минутында Одейобо есеп ашса, бірінші таймның соңында Фесу Плакка қақпашы Максим Ковальдің ұзын пасын тиімді пайдаланып, есепті еселеді.
Екінші таймда да «Елімай» басымдығын сақтап, 64-минутта Мулич үшінші голды соқты. Осылайша, команда маңызды үш ұпайды еншілеп, турнир кестесіндегі орнын нығайтты.
Келесі турда «Елімай» 4 мамыр күні өз алаңында «Оқжетпеспен» кездессе, «Жетісу» 3 мамырда қонақта «Туранмен» ойнайды.
Қазақстан Премьер-лигасы. 6-тур
«Жетісу» – «Елімай» – 0:3
Голдар: Одеойбо, 2 ,Плакка, 45, Мулич, 64.
Матчқа бейнешолу: