locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Жетісу» – «Елімай» матчының негізгі құрамдары белгілі болды

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Жетісу» – «Елімай» матчының негізгі құрамдары белгілі болды
Фото: Елімай ФК

26 сәуір күні Талдықорғанда Қазақстан Премьер-лигасының алтыншы туры аясында жергілікті «Жетісу» мен Семейдің «Елімай» командалары кездеседі. Ойын Астана уақыты бойынша 17:00-де басталады.

Бұл матч қарсаңында «Жетісу» турнирлік кестеде үш ұпаймен 11-орында тұр. Талдықорғандықтар маусым басындағы сәтсіз сериядан кейін төменгі бөліктен шығып, жағдайын жақсартуға ниетті. Ал «Елімай» 10 ұпай жинап, бесінші сатыда орналасқан. Семейлік ұжым көшбасшылар қатарында қалу үшін күресін жалғастырып жатыр.

Аталған кездесуде алаң иелерінің бас бапкері Самат Смақовтың жоқтығына ерекше назар аударылуда. Ол Премьер-лиганың бесінші турында төрешіге айтқан пікірлері үшін төрт ойынға дисквалификация алған болатын. Айта кетейік, Смақов бұған дейін дәл осы «Елімай» клубын жаттықтырып, команданы алғаш рет Премьер-лигаға шығарған еді.

Бұл ойында «Жетісу» командасының бас бапкерінің міндетін атқарушы болып Николай Гавриш тағайындалды.

Командалардың бастапқы құрамдары:

«Жетісу»: Кавлинов, Нұрбол, Фофана, Тайкенов, Шмидт, Есімбеков, Рудосельский, Оматай, Болов, Аскаров, Житнев.
«Елімай»: Коваль, Корзун (капитан), Одеоибо, Жұмаханов, Мулич, Чаласан, Пайруз, Кевин, Майком, Төлеубай, Плакка.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie