Реал Сосьедад бас бапкері матч кестесіне қатысты Ла лигамен дау дамайда Реалды қолдады
"Реал Сосьедад" бас бапкері Иманоль Альгуасиль"Реал Мадридтің" ойын кестесіне қанағаттанбауы туралы ойымен бөлісті.
Ла Лига сәрсенбіде Карло Анчелоттидің командасы Чемпиондар Лигасында "Атлетикомен" шиеленісті дерби өткізгеніне қарамастан, сенбіде өткен "Вильярреалға" қарсы "мадридтіктер" матчты кейінге қалдырудан бас тартты. “Вильярреалды” жеңгеннен кейін (2:1) итальяндық тәлімгер болашақта оның командасы мұндай жағдайда алаңға шығудан бас тартуы мүмкін екенін айтты.
Альгуасиль "мадридтіктердің" ұстанымымен келісті:
"Реалдың шағымдары"? Олардыкі дұрыс. Біз демалуға жеткілікті уақытсыз ойнауға тура келетін екі команда", - деп ол DAZN-ге берген сұхбатында айтты.
"Реал Сосьедадтың" өзі де осындай жағдайға тап болды: бейсенбіде команда Англияда "Манчестер Юнайтедке" қарсы ойнады және бүгін “Райо Валеканоға” қарсы сырт аланда матч өткізіп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз: Ла Лиганың басшылығы тығыз күнтізбеге қатысты мадридтік Реалға жауап берді