locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Алтай» «Хан-Тенгриді» сенімді түрде ұтып, Қазақстан Бірінші лигасының топ-3 қатарына көтерілді

Үш гол алаң иелеріне жарқын жеңіс сыйлады
Футбол
Дамир Кошечкин
Дамир Кошечкин
Журналист
«Алтай» «Хан-Тенгриді» сенімді түрде ұтып, Қазақстан Бірінші лигасының топ-3 қатарына көтерілді
ФОТО: Хан-Тенгри

26 қыркүйекте Қазақстан Бірінші лигасының 23-турында «Алтай» мен «Хан-Тенгри» командалары кездесті.

Алаң иелері кездесуді 3:0 есебімен жеңіспен аяқтады. Алғашқы голды Бекмырза өз қақпасына соғып алса, кейін Кан мен Дадаев мергендік танытты.

Қазақстан Бірінші лигасы. 23-тур

«Алтай» - «Хан-Тенгри» - 3:0

Голдар: Бекмырза, 10 (автогол), Кан, 51, Дадаев, 60.

«Алтай» 48 ұпаймен Бірінші лига турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді. Ал «Хан-Тенгри» 15 ұпаймен 12-орында келеді.

Айта кетейік, Бірінші лигада көш бастап тұрған – 59 ұпайы бар «Каспий». Ал екінші орында – 54 ұпай жинаған «Ертіс».

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie