locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Алонсоның сөздері жылы емес пе? Куртуа «Реалдың» Анчелоттиді сағынғанын аңғартты

Куртуа Хаби Алонсоның жұмыс тәсілі туралы ойын айтты
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Алонсоның сөздері жылы емес пе? Куртуа «Реалдың» Анчелоттиді сағынғанын аңғартты
ФОТО: Getty images

«Реал» ойыншылары жаңа бас бапкер Хаби Алонсоның талаптарына үйреніп жатқан кезеңде, команда көшбасшысы саналатын қақпашы Тибо Куртуа алғаш рет оның жұмыс әдісіне қатысты пікір білдірді.

Бельгиялық қақпашының айтуынша, жаттықтырушы ауысуы күтпеген өзгеріс болмаған, дегенмен ұжым ішінде бұрынғы мен қазіргі тәсілдің айырмашылығы қатты сезіледі.

«Анчелотти біз үшін әкеміз секілді еді. Ал Хабимен жұмыс мүлде басқа, бірақ ол да керемет бапкер. Карлоны сағына бастадық деу - үлкен құрметсіздік болар еді», - деді Куртуа испан басылымына берген сұқбатында.

Испаниялық журналистердің хабарлауынша, Алонсо келгелі «Реалда» тәртіп пен ішкі тәртіпке қойылатын талаптар күшейген. Анчелотти кезеңінде футболшылардың күн тәртібінде еркіндік көбірек болса, Хаби максималды жинақылық пен тәртіпті талап етеді.

Соған қарамастан, мадридтік клуб жаңа бас бапкердің қол астында тұрақты нәтижелер көрсетіп келеді: 12 турдан кейін «Реал» Ла Лигада көш бастап тұр, «Барселонадан» үш ұпай алда. Команданың келесі матчы 23 қарашада өтеді - мадридтіктер сырт алаңда «Эльчеге» қарсы ойнайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie