locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Реалдың» бразилиялық вингерлері нәтижесіз сериясын жалғастыруда: Родриго – 29 матч, Винисиус – 10

«Реалдың» бразилиялық вингерлері нәтижесіз сериясын жалғастыруда
Футбол
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
«Реалдың» бразилиялық вингерлері нәтижесіз сериясын жалғастыруда: Родриго – 29 матч, Винисиус – 10
ФОТО: gettyimages.com

24 қарашаға қараған түні Ла Лига аясында «Эльче» мен «Реал» 2:2 есебімен тең түсті.

«Сливочныйлардың» сапында вингер Родриго негізгі құрамда алаңға шықты, алайда нәтижелі әрекетпен көзге түсе алмай, 57-минутта оны Винисиус Жуниор алмастырды.

StatMuse дерегінше, бұл Родригодың қатарынан 29-матчы, онда ол «Реал» сапында барлық турнирде гол соқпаған. Бразилиялықтың соңғы голы наурыз айының басында, «Реалды» Карло Анчелотти жаттықтырған кезде, Чемпиондар лигасында «Атлетикоға» қарсы өткен кездесуде тіркелген.

Винисиус Жуниордың да нәтижесіз сериясы жалғасуда – ол қатарынан 10 матч бойы гол не нәтижелі пас бере алмай келеді, бұл 2021 жылдан бері оның ең ұзақ нәтижесіз кезеңі. Ол кезде сериясы 16 ойынға созылған еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie