locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мадридтегі даудың шырқауы: «Реал» жұлдыздары неге Алонсоға қарсы шықты?

«Реал» футболшылары неге Хаби Алонсоға қарсы шыққаны белгілі болды
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Мадридтегі даудың шырқауы: «Реал» жұлдыздары неге Алонсоға қарсы шықты?
ФОТО: Getty images

Мадридтің «Реалында» жаңа келеңсіздік туындаған сыңайлы - әрі оның себебі соңғы екі сәтсіз нәтижеден де тереңірек жатыр. ЧЛ-да «Ливерпульден» 0:1 есебімен жеңіліс және Ла Лигадағы «Райо Вальеканомен» 0:0 тең ойыннан кейін команда ішінде «қай жерде үзіліс болды?» деген сұрақтар көтеріле бастады. Сол тұста күтпеген жайт белгілі болды.

Инсайдер Роман Молинаның мәліметіне қарағанда, бірнеше ойыншы Хаби Алонсо келгелі бұрынғы артықшылықтарынан айырылғанына наразы. Карло Анчелотти кезеңінде кейбір жұлдыздар матчтан кейін Мадридке оралудың орнына Ибицаға ұшып кетіп, өз еркімен жүретін. Тіпті жаттығуға қатысу да «міндет» саналмаған. Осындай тәртіпті жаңа бапкердің кезінде жалғастыру талпыныстары қабылданбай, бұл жайт футболшылардың ашу-ызасын туғызды.

Жаңа бапкердің қатаң талаптары, тәртіпке шақыруы және ойыншылардың жеке әдеттері мен ыңғайына араласуы командадағы кейбір футболшылар тарапынан түсінбеушілік тудырды. Олар Алонсоның бұл ұстанымын «жеке өмірге қол сұғу» ретінде қабылдаған көрінеді.

Қазір «Реал» халықаралық үзілісте. Келесі ойынын клуб 24 қарашада «Эльчеге» қарсы өткізеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie