«Реалдың» бұрынғы ойыншысы Ашраф Хакими өз жарақатына қарамастан қолдауға келді
Жарақатына қарамай, Хакими «Реалды» қолдау үшін «Мануэль Мартинес Валеро» стадионына келді
Футбол
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: gettyimages.com
«Пари Сен-Жермен» және Марокко құрамасының қорғаушысы Ашраф Хакими алған жарақатына қарамастан, Ла Лиганың 13-туры аясындағы «Эльче» – «Реал Мадрид» кездесуін трибунадан тамашалады. Футболшы бұрын өнер көрсеткен клубын қолдау үшін арнайы келген.
Матчтың 61-минутында есеп «Эльченің» пайдасына 1:0 болып тұрған сәтте Хакими камера объективтеріне жиі түсіп отырды. Ол әлі де өз түлектік клубына жақын екенін көрсетті.
Айта кетейік, 20 қараша күні Ашраф Хакими Африканың үздік ойыншысы атанып, Африканың «Алтын добын» жеңіп алды.
Еске сала кетсек, 5 қарашада, туған күнінде, Хакими UEFA Чемпиондар Лигасында «Баварияға» қарсы ойында жарақат алып, матчтың алғашқы бөлігінде-ақ алмастырылған еді.