Алматыға сапар алдында Роджерс: «Селтик» келесі кезеңге өтуге қабілетті»
«Селтиктің» бас жаттықтырушысы Брендан Роджерс алдағы Алматыда өтетін жауапты кездесуге байланысты пікір білдірді.
«Біздің мақсатымыз – Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығу. Клуб үшін ойнайтын әрбір футболшыны бағалаймын. Соңғы матчтың алғашқы таймында сәл бәсең ойнағанымызды есептемесек – мұндай сәттер болып тұрады – команда қазір өте жақсы жағдайда Алматыға аттанып барады. Бізде келесі кезеңге өту үшін барлық мүмкіндік бар. Иә, құрамда кейбір олқылықтар барын бәрі көреді, бірақ соған қарамастан ойыншылар сырт алаңда қажетті нәтижеге қол жеткізе алады. Біз еуропалық футболдың ең жоғары деңгейінде ойнағымыз келеді, ал Чемпиондар лигасы – дәл сол мақсатқа апарар жол», – деді Роджерс.
Еске сала кетейік, 20 тамызда өткен алғашқы ойында «Селтик» пен «Қайрат» тең түсті. Жауапты матч 26 тамыз күні Алматыда өтеді. Қарсыластардың жеңімпазы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алса, жеңілген команда маусымды Еуропа лигасында жалғастырады.
Сондай-ақ «Селтик» қорғаушысы қарымта матчқа қатыспайды.