locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Алматы алдындағы соққы: «Селтик» қорғаушысы қарымта матчқа қатыспайды

Алистер Джонстон алматылық кездесу мен «Рейнджерспен» дербиді жіберіп алады
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Алматы алдындағы соққы: «Селтик» қорғаушысы қарымта матчқа қатыспайды
ФОТО: ФК Селтик

Шотландиялық «Селтик» үшін Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі шешуші ойынды қарсаңында кадрлық ауыр жағдай туындады.

The Scottish Sun дерегінше, бас бапкер Брендан Роджерс команда қорғанысындағы маңызды ойыншы – Алистер Джонстонның жарақатына байланысты қатардан шыққанын растады.

Канада құрамасының оң жақ қорғаушысы «Қайратқа» қарсы алғашқы кездесуде бұлшықет жарақатын алып, ойынды жалғастыра алмады. Ол алаңнан зембілмен әкетілді. Дәрігерлердің болжамынша, футболшы үш айға дейін жасыл алаңға қайта оралмайды. Демек, ол Алматыдағы қарымта матчта да, алдағы «Рейнджерспен» дербиде де командасына көмектесе алмайды.

Айта кетейік, алғашқы ойын Глазгода 0:0 есебімен күтпеген жерден тең аяқталған болатын. Қарымта кездесу 26 тамыз күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді және Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама иесін анықтайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie