«Алматы – нағыз үй». «Қайрат» легионері Астанадағы атмосфераға көңілі толмайтынын айтты
«Қайрат» шабуылшысы Жоржиньо Чемпиондар лигасының алтыншы турында гректің «Олимпиакосына» қарсы өткен матчтың ауа райы мен жағдайына қатысты пікір білдірді. Бразилиялық футболшы қатаң астаналық аязды дерлік сезінбегенін мойындады.
«Көшеге шықсаң, айырмашылық айқын білінеді. Ал мұнда… стадионда синтетикалық төсеніштің әсері анағұрлым қатты сезіледі. Жанкүйерлердің қолдауы да Алматыдағыдай емес, өйткені біздің үйіміз – Алматы», – деді ол Vesti.kz порталына берген сұқбатында.
Айта кетейік, «Қайраттың» барлық қысқы матчтары Алматыдан Астанаға ауыстырылған болатын. Бұған қатты аяз қаупі мен ашық стадионда алаң сапасын тұрақты күйде ұстап тұру мүмкіндігінің болмауы себеп болды.
Тағы бір айта кетер жайт: дәл осы «Қайрат» – «Олимпиакос» кездесуі Чемпиондар лигасы тарихына енді. Астанада ауа температурасы -21°C-тан төмен түскен сол кеш турнир тарихындағы ең суық матч ретінде тіркелді.