locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Екі онжылдықтық рекорд бұзылды. «Қайрат» – «Олимпиакос» ойыны тарихқа енді.

Астанада Чемпиондар лигасының тарихы қайта жазылды
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: TASS

9 желтоқсан күні «Астана Аренада» «Қайрат» пен «Олимпиакос» командалары Чемпиондар лигасының 6-турындағы матчқа шықты - және бұл кездесу бір сәтте-ақ еуропалық футбол тарихына енді. Әңгіме тек спорттық нәтижеде емес, одан да ауқымды жайтта болып отыр.

«Қазгидромет» мәліметінше, ойын басталған сәтте Қазақстан астанасындағы ауа температурасы –21°C-қа дейін төмендеген. Осылайша, барлық ресми көрсеткіш бойынша бұл ойын УЕФА Чемпиондар лигасы тарихындағы ең суық матч ретінде тіркелді.

Бұл көрсеткіш шамамен жиырма жылдық рекордты жаңартты. Бұған дейінгі ең аязды матч 2007 жылғы 14 ақпанда Мәскеуде өткен: ЦСКА мен Лондонның «Арсеналы» –14°C температурада ойнаған болатын. Енді бұл межеден Астана едәуір алшақ айырмамен асып түсті.

Ауа райының аса қолайсыз жағдайына қарамастан, кездесуді 30 мың орындық стадионда 19 463 көрермен тамашалады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie