locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Глазгодағы сенсация. «Қайрат» «Селтикті» тоқтатып, интриганы сақтап қалды

«Қайрат» Глазгодан тең есеппен оралды
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Қайрат ФК

20 тамыздан 21-іне қараған түні Глазгода Чемпиондар лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңіндегі алғашқы матч өтті. Әйгілі «Селтик Паркта» алаң иелері – «Селтик» пен алматылық «Қайрат» кездесті. Тартысты ойын нәтижесінде таблодағы есеп өзгермей, 0:0 есебі тіркелді.

Алғашқы минуттардан-ақ алматылықтар сенімділік пен тәртіпті ойынды паш етті. 12-минутта Мартынович қожайындардың қақпасын дәл көздегенімен, төреші офсайд тіркеп, гол есепке алынбады. Ал 56-минутта Эдмилсон әсем соққымен көзге түсті, бірақ сәл ғана дәлдік жетпей, шедеврлік гол жүзеге аспады.

Екінші таймда «Қайрат» үшін күтпеген соққы болды: негізгі қақпашы Александр Заруцкий жарақат алып, алаңнан кетуге мәжбүр болды. Оның орнына 21 жастағы Темірлан Анарбеков шықты. Бұл жас қақпашының еурокубоктағы алғашқы ойыны еді, бірақ ол сынға төтеп беріп, қақпасын «құрғақ» сақтай алды.

Чемпиондар лигасы. Іріктеу, плей-офф. Алғашқы матч

«Селтик» (Шотландия) – «Қайрат» (Қазақстан) – 0:0

Қарымта кездесу 26 тамыз күні Алматыда өтеді. Дәл осы ойында жұптың жеңімпазы анықталып, топтық кезеңге жолдама тағдыры шешіледі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie