locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Актөбемен» матч алдында жаңа қорғаушы: «Легия» Лукаш Гурамен келісімшартқа отырды

Тәжірибелі поляк қорғаушысы еурокубок қарсаңында варшавалық клубтың қосалқы құрамын толықтырды
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
«Актөбемен» матч алдында жаңа қорғаушы: «Легия» Лукаш Гурамен келісімшартқа отырды
ФОТО: Легия ФК

Варшаваның «Легия» клубы орталық қорғаушы Лукаш Гурамен келісімшартқа отырғанын ресми түрде хабарлады.

31 жастағы футболшы 2027 жылдың 30 маусымына дейін есептелген келісімге қол қойды. Құжатта тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.

Соңғы алты айда Гура Польшадағы «Знич Прушкув» командасында ойнаған болатын. Енді ол елдің үшінші лигасында бақ сынайтын «Легияның» қосалқы құрамында өнер көрсететін болады.

«Келесі маусымда Лукаш Гура үшінші лигада ойнайтын біздің резервтік құрамға қосылады», – делінген варшавалық клубтың баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Айта кетейік, «Легия» – 2025/26 жылғы маусымдағы Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде «Ақтөбенің» қарсыласы. Алғашқы ойын 10 шілдеден 11-іне қараған түні Варшавада өтсе, қарымта кездесу 17 шілде күні Ақтөбеде болады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie